Сергек енді электр қуатына қосылмай-ақ жұмыс істей алады

image
Шығарылған күні

2025-04-23

Бастапқы сілтеме

-

Sergek Group инженерлері электр қуатына тәуелсіз жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенге арналған балама қуат модулін жасап шығарды. Бұл – күн көзінен қуат алатын арнайы панель. Жүйе оңай орнатылады. Күрделі техникалық қызметті қажет етпей, инфрақұрылым жоқ жерде де АБК-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Мұндай кешеннің алғашқы үлгісі Жетісу облысы, Алакөл ауданына қарасты Жайпақ ауылында пилоттық режимде іске қосылды.

Sergek Group-тың Алматы өңірлік филиалының директоры міндетін атқарушы Алексей Снегурдың айтуынша, балама қуат көзіне қажеттілік жоба аясындағы келісімшарттың талаптарына байланысты туындаған. Яғни, АБК электр қуаты жоқ шалғай ауылға орнатылуы тиіс болған.

«Жайпақ ауылында жүйені іске қосу үшін алдымен аккумулятор орнаттық. Бірақ оны күн сайын ауыстырып отыру керек болды. Бұл өте ыңғайсыз, әсіресе ауыл Талдықорған қаласынан 300 шақырымнан астам қашықтықта орналасқанын ескерсек», – деді Алексей Снегур.

Ал Sergek Group-тың аппараттық қамтамасыз ету жөніндегі директоры Дмитрий Колосовтың айтуынша, «Сергек» жүйесі қазіргі таңда Қазақстанның 11 қаласында және 3 облысында жұмыс істейді.

«Біз инженерлер ретінде күн сайын АБК-ны нақты жергілікті жағдайларға бейімдеудің жолын іздейміз. Күн панельдерін қолдану – біз үшін жаңа тәжірибе. Бұл тәсіл қауіпсіздік жүйелерін тек қала ішінде ғана емес, шалғай трассаларда да іске қосуға жол ашады», – дейді Дмитрий Колосов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Сергек» интеллектуалды қауіпсіздік жүйесі Қазақстанның 11 қаласы мен үш облысында, сондай-ақ Өзбекстанның Наманган қаласында қолданылады. Жүйенің енгізілуінің алғашқы жылында-ақ жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім 2 есе, ал қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтар 40%-ға төмендегені тіркелген.



newsCard
Мақала

Sergek AI платформасы Индонезияда сәйкестік сертификатын алды

Толығырақ оқу
newsCard
Мақала

Алматы облысына Sergek жүйесі енгізіледі

Толығырақ оқу
newsCard
Мақала

Көкшетауда жедел жәрдем көлігінде жол қозғалысын бақылайтын жүйе сынақтан өтуде: бір айда 8000-нан астам заң бұзушылық анықталды

Толығырақ оқу