Жаңалықтар

IT мамандары Цифрландыру күнін қалай атап өтеді

November 10, 2025

10 қараша – Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні. Бұл кәсіби мереке 2022 жылы салалық министрліктің бастамасымен бекітілген. Содан бері аталған күн елдің бүкіл IT-индустриясы үшін маңызды датаға айналды. Бүгінде Қазақстанда 18 мыңнан астам IT-компания жұмыс істейді, және бұл саланың өкілдері өз мерекесін әрдайым ерекше көңіл күймен қарсы алады – еркін, командалық рухқа толы форматта.

Sergek Group ұжымы үшін Цифрландыру күні – жыл сайынғы жақсы дәстүрге айналған. Биыл да компания сол дәстүрді сақтап, Sergek-тің алғашқы кезеңінен бері еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді марапаттады. Сондай-ақ ішкі даму мен кәсіби өсуге арналған жылы атмосферадағы митап өткізілді. Қазіргі таңда топ құрамында 800-ден астам қызметкер, соның ішінде 260 инженер мен IT маманы жұмыс істейді.

Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы (NIT) бұл күнді дәстүрлі түрде жұмыс ырғағынан шықпай, кәсіби форматта атап өтеді. Биыл компания ұлттық цифрлық жобаларды дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. Мереке қарсаңында команда «Digital Drive» корпоративтік спартакиадасына қатысып,

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың өкілдерімен бірге энергия мен қозғалысқа толы күн өткізді. Үздіктер арнайы марапаттарға ие болды. Бұл шара цифрландыру тек технология ғана емес, ең алдымен адамдар, өзара әрекеттесу және бірлік екенін тағы бір рет еске салды.

Kazdream IT Holding бұл мерекені ішкі технология және инновация фестивалі түрінде атап өтті. Күні бойы кеңседе викториналар, IT-челлендждер мен шағын жарыстар ұйымдастырылып, әріптестер өз білімін де, креативін де көрсете алды. Қызметкерлер жаңа идеялар ұсынып, пікір алмасып, бір команданың рухымен біріге түсті.

Kazdream ұжымы атап өткендей, технологияның дамуы ынтымақтастық мәдениеті мен инновациялық ойлау және адамға бағытталған көзқарассыз мүмкін емес.

QazCloud та мерекені белсенді және спорттық форматта өткізді. Компания қызметкерлері де «Digital Drive» спартакиадасына қатысып, өз командалық рухын көрсетті. Сонымен қатар сараптамалық материалдар мен жарияланымдарды дайындауға белсенді атсалысқан қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

QazCloud бас директоры Қасым Есергепов ұжымды ресми түрде құттықтап, олардың еңбегі мен кәсібилігін атап өтті.
Соңғы жылдары компанияның аналитикалық мақалалары, сұхбаттары мен жобалық кейстері цифрлық индустрияның медиакеңістігінде тұрақты көрініс табуда.

Цифрландыру күні – технологияның ғана емес, адамдардың күні.
Өйткені цифрлық болашақты жасайтын да, оған сенім беретін де – адамдардың өздері. 