Жаңалықтар

Sergek AI платформасы Future Digital Awards байқауында платина жүлдесін жеңіп алды

July 16, 2025

Қазақстан технологиялары халықаралық деңгейде тағы да мойындалды: Sergek Group әзірлеген шешімдер Juniper Research сараптамалық агенттігі ұйымдастырған Smart Cities & IoT Innovation Future Digital Awards 2025 байқауында екі бірдей жоғары марапатқа ие болды.

Қалалық қауіпсіздік пен көлік ағынын басқаруға арналған Sergek AI Smart City Platform шешімі «AI in IoT Innovation of the Year» номинациясы бойынша ең жоғары - платина жүлдесін жеңіп алса, көлік қозғалысын интеллектуалды басқаруға жауапты Sergek ITS (Intelligent Traffic System) жүйесі «Best Intelligent Transportation Systems Solution» аталымында алтын жүлдені еншіледі.

Бұл Sergek командасы үшін алғашқы халықаралық марапат емес. 2024 жылы компания қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Sergek жүйесі үшін алтын жүлдеге ие болған еді. Future Digital Awards сыйлығының тарихында жеңімпаздар қатарында Amazon, Siemens, IBM секілді технология алыптары да болған. Бұл тізімге енудің өзі жаһандық деңгейдегі мойындау ғана емес, сонымен қатар қазақстандық технологиялар бүгінгі таңда бүкіл индустрияға жаңа стандарттар ұсына алатынының дәлелі. Енді сол тізімде Sergek те бар.

«Бұл марапаттар біз үшін жай ғана жүлде емес. Олар біздің шешімдер Қазақстанмен ғана шектелмей, халықаралық нарықта да сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. Біз өзіміздің отандық өнімдер арқылы жаһандық ойыншылармен тең дәрежеде бәсекелесе алатынымызды дәлелдедік», – деді Sergek Group компаниясының бас директоры Евгений Ким.

Сонымен қатар, биыл Sergek Group халықаралық Corporate Vision басылымы ұсынған «Best AI-Powered Traffic & Mobility Platform 2025» номинациясында да ерекше аталды.

Анықтама үшін:

Future Digital Awards сыйлығы IoT, ақылды қалалар, орнықты даму, телекоммуникация, финтех және жасанды интеллект салаларындағы серпінді технологияларға табысталады. Марапаттау барысында өнімдердің жаңашылдығы, тұрақтылығы, технологиялық әлеуеті және жаһандық қолдану мүмкіндіктері ескеріледі.