Алматы облысы: жол апатынан қаза болғандар саны екі есеге жуық азайды
September 7, 2026
Алматы облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Sergek интеллектуалды жүйесі іске қосылғаннан бері жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны екі есеге жуық азайды. Ал жол апатынан зардап шеккендер саны үштен біріне қысқарды. Өңір полициясы мен жүйені әзірлеушілер бір жылдағы жұмыстың алғашқы қорытындысын шығарды.
Жүйе Алматы облысында өткен жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Бүгінде бірыңғай цифрлық инфрақұрылым облыстың 10 ауданын қамтиды. Өңірде 325 интеллектуалды аппараттық-бағдарламалық кешен мен 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.
Әр ауданда жергілікті шағын жедел басқару орталықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар патрульдік көліктер жол қозғалысы кезінде құқық бұзушылықтарды тіркейтін 10 мобильді Sergek Patrol Box кешенімен жабдықталған.
Алматы облысы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Ернар Сайдильдин технологиялардың қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
«Біздің жұмысымыздағы басты басымдық – адам өмірін сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл ретте технологиялардың атқаратын рөлі зор. Олар жолдардағы және қоғамдық орындардағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижелер де соны көрсетіп отыр: Sergek жүйесі іске қосылғалы бері жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны 31,8%-ға, ал қаза тапқандар саны 47,6%-ға азайды. Qorgau қосымшасымен бірге жүйе жұмыс істей бастағалы бері 94 мыңнан астам құқық бұзушы тоқтатылды», – деді Ернар Сайдильдин.
Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасында Sergek жобасы өңірді цифрландыру үдерісіне серпін берген маңызды бастамалардың бірі болғанын атап өтті.
«Біз жай ғана бейнебақылаудан жасанды интеллект негізіндегі деректерді терең талдауға көшіп жатырмыз. Қалыптасқан ауқымды IT-инфрақұрылым Smart Region, яғни «ақылды өңір» тұжырымдамасын дамытуға негіз болады. Мұнда технологиялар оқиғалардың алдын алуға бағытталып жұмыс істейді. Цифрландыру – трендке ілесу ғана емес, адам өмірін сақтауға, жедел қызметтердің жұмысын автоматтандыруға және облыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік беретін нақты құрал», – деді Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Артықбай.
Жобаның соңғы кезеңіндегі маңызды бағыттардың бірі – бейнемұрағаттағы жазбалардан қажетті ақпаратты жылдам іздеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі платформа.
Sergek Group компаниясының CEO-сы Евгений Кимнің айтуынша, мұндай технологиялар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметтердің бейнеақпаратпен жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
«Біздің басты міндетіміз – өңірлердің қауіпсіздігін арттыруға нақты көмектесетін технологияларды жасау. Алматы облысында біз бейнежазбалармен жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертетін AI платформасын енгіздік. Операторға, мысалы, «ақ түсті Toyota көлігін тап» деген тапсырма беру жеткілікті. Ал алгоритмдер бейнемұрағатты өздігінен талдап, қажетті көліктерді анықтайды. Ақылды бейнеталдауды, мобильді кешендерді және стационарлық камераларды біріктіру арқылы полицияға қауіпті құқық бұзушыларды автоматты түрде анықтап, түрлі оқиғаларға қысқа уақыт ішінде әрекет етуге көмектесеміз», – деді Евгений Ким.
Sergek жүйесі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен ғана шектелмейді.
Ол қылмыстарды ашуға және олардың алдын алуға да көмектеседі. 2026 жылдың басынан бері облыста бейнебақылау камералары мен жедел басқару орталықтарының көмегімен 981 қылмыс ашылды.
Ал адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарға шұғыл көмек көрсету үшін 10 дабыл түймесі орнатылған. Оның көмегімен тұрғындар қажет болған жағдайда жедел басқару орталығының операторымен тікелей байланыса алады.