Жаңалықтар

Sergek Group пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жасанды интеллектіні жұмысқа енгізу тәжірибесін талқылады

July 2, 2026

Астанада Sergek Group мамандары мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен воркшоп өткізді. Кездесуде жасанды интеллектіні жұмысқа енгізу тәжірибесі мен оны күнделікті қызметте тиімді пайдалану жолдары талқыланды.

Sergek Group командасы қызметкерлерді AI құралдарымен жұмыс істеуге қалай дайындайтынын айтып, бұл бағытты енді бастап жатқан ұйымдарға өз тәжірибесін ұсынды. Қатысушыларға күнделікті жұмысты автоматтандыру, өнім әзірлеуді жеделдету, ішкі деректермен жұмыс істеу және жобаларды басқаруда жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ корпоративтік ортада AI-ды қауіпсіз пайдалану және жергілікті модельдермен жұмыс істеу мәселелері сөз болды.

Sergek Group компаниясының AI Chief Officer-ы Константин Коломейцевтің айтуынша, кездесудің негізгі мақсаты белгілі бір сервистерді таныстыру емес, жасанды интеллектімен жұмыс істеу тәсілін көрсету болды.

«Жасанды интеллектіні бір күнде меңгеру мүмкін емес. Бұл тұрақты тәжірибе арқылы қалыптасатын дағды. Біз әріптестерімізге өзіміз қолданып жүрген құралдарды көрсетіп қана қоймай, қызметкерлерді қалай оқытатынымызды, деректермен қауіпсіз жұмыс істеу жолдарын және AI-ды жұмыс үдерістеріне кезең-кезеңімен енгізу тәжірибемізді бөлістік», – деді ол.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық деректер және интеграциялық сервистер департаментінің директоры Нұргүл Ысқақова мұндай кездесулердің тәжірибе алмасу үшін маңызды екенін атап өтті.

«Жасанды интеллект бүгінде мемлекеттік секторда да, бизнесте де тиімділікті арттыратын маңызды құралға айналып келеді. Осындай кездесулер нақты тәжірибемен бөлісуге, іске асқан жобаларды талқылауға және жаңа технологиялардың мүмкіндігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Sergek Group бұған дейін де осы бағытта бірнеше оқыту іс-шарасын өткізген. Компания қызметкерлері мен жеке IT-компаниялардың мамандарына арналған воркшоптар ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ техникалық білімі жоқ мамандарға арналған алғашқы ішкі AI-хакатонды өткізді. Оған қатысушылар хакатон басталар алдында заманауи AI құралдарын қолдану бойынша арнайы дайындықтан өтті. 