Жаңалықтар

Қосшыда Сергек іске қосылды

Қосшыда Сергек іске қосылды

December 15, 2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, Freedom Holding Corp және Sergek Group Қосшы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосты. Пилоттық жоба аясында қалада оптикалық байланыс арналары арқылы қосылған 1000 бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде 872-ден астамы — бейнеаналитикасы бар қоғамдық қауіпсіздік камералары, сондай-ақ жолдарда 24 аппараттық-бағдарламалық кешенге біріктірілген 128 камера жұмыс істейді. 10 жұмыс орны бар Жедел басқару орталығы құрылды. Бұл инфрақұрылым полиция қызметкерлеріне жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылауға мүмкіндік берсе, қала әкімдігіне экология және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы мәселелерді уақытылы анықтап, шұғыл шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Freedom Holding Corp бас директоры Тимур Турловтың айтуынша, Қосшыдағы Sergek жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр және өзінің ауқымымен де, технологиялық мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. «Бұл жүйе қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көптеген міндетті бір уақытта шешуге қабілетті. Сондықтан Sergek – елдегі цифрландыру бағытын жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші компаниялардың бірі десек, артық етпес. Компания ұсынатын технологиялар әлемдік үздік тәжірибелермен деңгейлес, ал кей жағдайда олардан да алда. Қосшы тұрғындары үшін бұл жоба қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, елдегі “ақылды қала” ұғымын жаңа сапалық деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді ол.

Sergek интеллектуалды жүйесі жол қозғалысы ережелерінің негізгі бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді, көлік құралдарының маркасын, түсін және санатын анықтайды, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды талдай алады. Жүйе заңсыз қоқыс орындарын, дұрыс қойылмаған автокөліктерді, адамдардың шоғырлануын, түтін мен өрт белгілерін, сондай-ақ жанжал сипатындағы жағдайларды дер кезінде анықтай алады. Жоба аясында Бас прокуратураның КИРЕБ ақпараттық базасымен интеграция жасалып, іздеуде жүрген тұлғаларды тану мүмкіндігі қарастырылған. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту үшін екі SOS батырмасы орнатылып, биік ғимараттарға алыстан бақылауға мүмкіндік беретін күшейтілген камералар қойылды. Сонымен қатар, жүйеге бұған дейін жұмыс істеп тұрған 500-ден астам бейнебақылау камерасы да қосылды.

Sergek Group бас директоры Евгений Ким бұл жобаның мәні тек техникалық шешімдермен шектелмейтінін атап өтті. «Мақсатымыз — жай ғана камераларды орнату емес, деректерге сүйеніп жұмыс істейтін, қалаға жедел шешім қабылдауға көмектесетін толыққанды қауіпсіздік экожүйесін қалыптастыру. Қосшыдағы пилот цифрлық технологиялардың полиция мен әкімдіктің күнделікті жұмысына тиімді енгізіле алатынын көрсетті», — деді ол.

Қосшы қаласында іске қосылған пилоттық жоба алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздік пен қалалардың орнықты дамуына бағытталған цифрлық шешімдерді еліміздің өзге өңірлерінде кеңінен енгізуге негіз болмақ.