Жаңалықтар

Астанада ақылды қалаларға арналған цифрлық шешімдер митапы өтті

September 17, 2025

Астанада өткен «Ақылды қалаларға арналған цифрлық шешімдер» атты митапта Sergek компаниясының мамандары өздерінің ең соңғы AI шешімдерін таныстырды. Шараға орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері мен цифрландыру және қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты. Мамандар заманауи технологиялардың қалаларды тұрғындар үшін қалай анағұрлым қауіпсіз, ыңғайлы әрі тиімді ете алатынын көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков құттықтау сөзінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін цифрландырудың аса маңызды бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық құралдарсыз «Заң мен тәртіп» қағидатын толыққанды қамтамасыз ету мүмкін емес.

«Мұндай іс-шаралар – мемлекет, бизнес пен қоғамның бірлескен жұмысы қауіпсіз елге бастайтын нақты жол екенінің тағы бір дәлелі», – деді Айдар Сайтбеков.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алибек Кениспаев бірыңғай цифрлық жол қауіпсіздігі платформасы TOR-ды таныстырды. Бұл жүйе әртүрлі шешімдерді біріктіріп, тұтас экожүйе құрады. Ал Sergek мамандары Sergek AI Smart City Platform жобасы жайлы айтып берді. Бұл – қалалық деректер мен цифрлық сервистерді басқаруға арналған интеллектуалды орта. Презентацияда мұндай шешімдерді бүкіл ел ауқымында масштабтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Freedom Telecom стратегиялық бастамалар жетекшісі Бексұлтан Омралинов ақылды қала жобаларын табысты іске асыру үшін қажет инфрақұрылымдық міндеттер туралы баяндады.

Митаптың пікірталас бөлігі барысында мемлекеттік органдар мен өңірлік цифрландыру басқармаларының өкілдері белсенді сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, жаңа идеялар ұсынды.

«Біз үшін бұл жай ғана технология таныстыру емес. Бұл – мемлекет пен бизнестің серіктестікте қауіпсіз әрі ақылды қалаларды бірге құра алатыны жөніндегі ашық диалог. Біздің өнімдер – қазіргі заманғы цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамдағы сенім мен қауіпсіздік деңгейін көтеруге көмектесетін құралдар», – деп атап өтті Sergek Group бас директоры Евгений Ким.

Өткен митап Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым қалыптастырудың тағы бір маңызды қадамы болды. Қазіргі заманғы технологиялар азаматтардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын арттырудың басты тірегіне айналуда.