Жаңалықтар

Алматыда жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімді нөлге жеткізу стратегиясына арналған ұлттық семинар өтті

May 13, 2026

Каспий университетінде Қазақстанның қалалары мен өңірлеріндегі жол жүрісі қауіпсіздігіне арналған Ұлттық семинар өтті. Шараға ІІМ, Көлік министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің басқармалары, БҰҰ-ның UN Habitat агенттігі, Sergek Group өкілдері, зерттеу институттары мен азаматтық қоғам белсенділері қатысты. Ұйымдастырушылар – Vision Zero Community қоры, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ және UN Habitat.

Семинардың күн тәртібіндегі басты мәселе: жолдағы өлім-жітім көрсеткішін дәйекті түрде нөлге дейін төмендету мүмкін бе және ол үшін саяси деңгейде, қала құрылысын жоспарлауда және ведомствоаралық іс-қимылда не қажет? Қатысушылар мәселені үш деңгейде қарастырды: Ұлттық деңгей – жол-көлік жарақатының статистикасы мен ІІМ мен Көлік министрлігінің қолданыстағы бастамалары, қалалық деңгей – Алматыдағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың олқылықтарын талдау; практикалық деңгей: Орал, Риддер, Алматы, Павлодар қалаларының кейстері, сондай-ақ Urban Forum Kazakhstan ұсынған «Мектепке баратын қауіпсіз жол» жобасы.

«ІІМ жол қауіпсіздігі саласында превентивті шараларға басымдық беріп отыр. Мұның не үшін қажет екенін статистика анық көрсетеді: адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының 90%-ы жүргізушілердің өз кінәсінен болады. Бұл мәселені шешуге болатынын білдіреді — және жауапкершілік әрқайсымызға жүктеледі деген сөз. Сондықтан бүгін басталып отырған мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы диалог аса маңызды», — деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

«Біз жол қауіпсіздігі мәселесіне аса үлкен мән береміз және Алматыда жобаны жүзеге асыру бағытында Vision Zero Community қорымен бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастық орнаттық және осы мәселе бойынша әкімдікпен де тығыз өзара іс-қимыл орнатуға мүдделіміз. Жол қозғалысы қауіпсіздігі — өте маңызды мәселе. Бұл тек полицияның жұмысы емес. Біз жол қауіпсіздігін даму мәселесі және прогрестің көрсеткіші ретінде қарастыруымыз қажет. Тек ЖІӨ тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің құндылығына назар аудартудың маңызды тәсілі ретінде бағалауымыз керек», — деді БҰҰ-Хабитат ұйымының қалалық мобильдік және апаттарға төзімділік жөніндегі сарапшысы Марк Оджал.

Семинардың басты нәтижесі – жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы ұлттық жол картасын қалыптастыру бойынша нақты диалогтың басталуы. Мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің және азаматтық қоғамның өкілдері бұған дейін тек бытыраңқы түрде болған байланысты тікелей жолға қоюға мүмкіндік алды.

«Біз Vision Zero Community қорын құруға бастамашы болдық, өйткені бұл қалаларды жайлы әрі қауіпсіз ететін технологияларды жасау жөніндегі Sergek миссиясының тікелей жалғасы. Біз күн сайын Қазақстан қалаларындағы жол жағдайы туралы деректермен жұмыс істейміз және бұл біз үшін жай ғана сандар емес. Бұл біздің жақындарымыз жүретін жолдар. Өзіміз тұратын қалалар. Сондықтан жол қауіпсіздігі біздің компания үшін сыртқы күн тәртібі емес, біздің жұмысымыздың негізгі мәні», — деп атап өтті Sergek Group және қордың негізін қалаушы Асет Ахметов.

Семинар, сондай-ақ, Еуропа елдерінде айтарлықтай нәтиже берген Vision Zero тұжырымдамасы бойынша тәжірибе алмасу алаңына айналды. Бұл тәсілге сәйкес, қозғалыс қауіпсіздігі үшін негізгі жауапкершілік инфрақұрылымды жобалаушыларға жүктеледі: олардың міндеті — адами факторды ескере отырып, инженерлік шешімдер арқылы жол-көлік оқиғасының ықтималдығын азайту.

Шара және ұйымдастырушылар туралы

Vision Zero Community – жол жүрісі қауіпсіздігіне жүйелі көзқарасты ілгерілететін қазақстандық қоғамдық қор. 2024 жылы Sergek Group қолдауымен құрылған.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ – қаланы дамыту және талдау институты.

UN Habitat – БҰҰ-ның тұрақты қала құрылысын дамыту жөніндегі агенттігі.

Фото: Финаев Владислав