Түркістанда Наурыз мерекесі күндері автокөліктердің рекордтық саны тіркелді
«Sergek ITS» интеллектуалды көлік жүйесі арқылы Түркістандағы көлік құралдарының рекордтық саны тіркелді. Жолдардағы жағдайды талдау нәтижесінде Наурыз мерекесі қарсаңында автомобильдер саны біртіндеп артып, 24 наурызда ең жоғары деңгейге жеткенін көруге болады. Бұл күні қала жолдарына 107 мыңға жуық көлік шыққан.
Түркістанда көлік құралдарының ең көп саны 101 мыңға жетті, ал 8 наурызда бұл көрсеткіш 102 мыңнан астам көлікті құрады.
"Наурыз мерекесі күндері авто санының артуы ішкі туризмнің дамуына байланысты болуы мүмкін. Түркістан ежелден көктемгі күн мен түннің теңелуін ерекше атап өтетін Қазақстанның тарихи және мәдени орталықтарының бірі болып саналады. Сондықтан көптеген қазақстандықтар ұзақ демалыс күндерін ескере отырып, ұлттық мерекені осында атап өтуді жөн көрулері мүмкін", – деп өз пікірімен Түркістандағы Sergek Group филиалының директоры Абзал Саттаров бөлісті.
Көлік құралдарының жүріп өткен жолына тоқталсақ, ең жоғары көрсеткіш 19 наурызда тіркелген. Осы күні 99 мың көлік қалада 843 мың шақырым жүріп өткен. Айта кетейік, 24 наурызда 107 мың көлік 783 мың шақырымға жүріс жасаған.
Жалпы, мерекелік апта ішінде Түркістанда көлік құралдарының саны бұрынғыға қарағанда 9%-ға, белсенділік – 11%-ға, жүріс 7,4%-ға өсті.
Айта кетейік, «Sergek ITS» интеллектуалды көлік жүйесі Түркістанда өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Жүргізілген талдауға сәйкес, көлік құралдарының орташа тәуліктік санының 75%-ы тұрақты автокөліктерге, олардың шамамен 4%-ы таксилерге тиесілі. Қаладан тыс келген көліктер тәулік бойы жүріп өткен қашықтықтың шамамен 13%-ын құрайды.
Қатысты жаңалықтар
Барлық жаңалықтарды оқуЖаңалықтар табылмады
Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!