Қазақстандық IT-компания халықаралық байқауда алтын жүлдегер атанды

image
Шығарылған күні

2024-06-13

Бастапқы сілтеме

-

Sergek Group «Интеллектуалды трафик басқарудағы ең үздік шешім» (Best Smart Traffic Management Solution) атты номинациясында Future Digital Awards for Smart Cities & IoT Innovation 2024 халықаралық байқауының алтын жүлдегері атанды. Компания өз шешімдерін «Ақылды қалалардағы тұрақты даму және инновация» санатына ұсынған болатын.

Конкурсты ұйымдастырушы – «Juniper Research», мобильді және цифрлық технология саласындағы жетекші сараптамалық компания. Аталған сыйлықтың үш санаты, яғни заттар интернеті, ақылды қалалар және төрешілерді таңдау жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі компаниялардың назарын өзіне аударады. Номинанттарды іріктеу кезінде өнімнің инновациялары, оның сипаттамасы мен артықшылықтары, серіктестік қарым-қатынас, сертификаттары мен халықаралық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ бизнесті дамыту перспективалары сияқты критерийлер ескеріледі.


Айта кетерлік, бұрынырақта байқау жеңімпаздары қатарында Amazon, Siemens, IBM және т.б. әлемге әйгілі компаниялар болған.

Sergek Group директоры Әсет Ахметовтың айтуынша, бұл байқаудағы жеңіс ақылды қалалар саласындағы қазақстандық шешімдердің беделділігін дәлелдейді. Осы уақытқа дейін номинанттар құрамына тек танымал трансұлттық корпорациялар кірген болатын. Сергек шешімдері платина сыйлығын алған американдық қалалық ұтқырлық платформасын алға өткізіп, өз санатында «алтын» атанды.

«Бұл біздің әлемдік аренадағы алғашқы жетістігіміз емес. 2020 жылдың желтоқсанында біз "Intelligent Transportation" санатында IDC Digital Transformation Awards сыйлығын ұтып алдық. Бұл номинация зияткерлік көлік жүйелері саласындағы жобаларды бағалаған болатын. Бүгін біз мұны Future Digital Awards арқылы да растадық. Ақылды қалалар саласындағы озық тәжірибеміз тек Қазақстанда емес, ел сыртында да танымал болып келе жатқанын мақтан тұтамыз. Өйткені, біздің бағдарламаларымызды экспорттау – тек бизнес емес, сонымен қатар елдің әлемдік аренада ұсынылуы», - деп бөлісті Ахметов.

Қатысты жаңалықтар

Барлық жаңалықтарды оқу
icon

Жаңалықтар табылмады

Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!