Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алматы жолдарының кептелісін талдау

image
Шығарылған күні

2024-09-06

Санаттар
Бастапқы сілтеме

-

Sergek ITS сарапшылары тамыз және қыркүйек айларында Астана мен Алматы қалаларындағы жол қозғалысы жағдайын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде күз келгенде жүргізушілердің межелі жерге уақытында жетуі үшін жолға 30%-ға көбірек уақыт жоспарлауы қажеттігі анықталды. Бұл қыркүйек айында кейбір көшелерде көлік жылдамдығының 20-25%-ға төмендеуімен байланысты.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының басталуымен таңғы қарбалас уақытта кейбір көшелерде тамыз айымен салыстырғанда көлік саны екі есе көбейген.

Мәселен, 2 қыркүйек күні Астана қаласында таңғы 7:00-де Сарайшык көшесіндегі орташа жылдамдық 26 тамыздағы дүйсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға төмендеді. Бұл күні Сарайшык көшесіне 7,5 мың көлік орнына 11 мыңнан астам жүргізуші шыққан.

Ұқсас жағдай елордадағы басқа да негізгі даңғылдарда байқалды. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылына шыққан көліктер саны шамамен 40%-ға, ал Тұран даңғылында 30%-ға артқан.

Алматы қаласында көлік қозғалысы ең көп жүктелген даңғылдар – Әл-Фараби және Абай даңғылдары болды. 2 қыркүйек күні таңертең батыс бағытта Әл-Фараби даңғылына 8 мың көлік орнына 11 мың көлік шығып, қозғалыс жылдамдығы 15%-ға төмендеген. Ал Абай даңғылында екі бағытта да 17 мың көлік орнына 23 мың көлік шығып, қозғалыс жылдамдығы бірден 25%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, Райымбек даңғылында (14%), Төле би көшесінде (20%) және Шығыс айналма жолында (14%) көлік санының өскені байқалған.

Осылайша, оқу жылы басталғанға дейін жүргізуші жолда шамамен бір сағат уақыт жұмсаса, қазіргі жылдамдық пен кептелістерді ескерсек, бұл уақыт шамамен 1 сағат 20 минутқа созылады.

Талдау барысында 26 тамыз бен 2 қыркүйек дүйсенбі күндеріндегі орташа қозғалыс жылдамдығы мен көлік саны сияқты параметрлер негізге алынды. Зерттеуге Астана мен Алматы қалаларының ең жүктелген көшелері енгізілді.

Еске сала кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) – бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көлік үшін тиімді бағыттар мен кестелер құруға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге, сондай-ақ адамдардың маятниктік көші-қонының себептерін түсінуге мүмкіндік беретін интеллектуалды көлік жүйесі.


Қатысты жаңалықтар

Барлық жаңалықтарды оқу
icon

Жаңалықтар табылмады

Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!