Sergek экодатчиктері Алматының ауасын зерттеді

image
Шығарылған күні

2024-07-26

Санаттар
Бастапқы сілтеме

-

Sergek Group және Almaty Air Initiative мамандары бірлесіп, Алматыдағы ауа сапасын зерттеді. Экодатчиктер қозғалысы тығыз жол қиылысында және оның жанындағы аулада орнатылып, сол уақытта әртүрлі жағдайларда көмірқышқыл газы мен ластаушы заттардың концентрациясын салыстыруға мүмкіндік берді.

Аула мен жол қиылысының арасындағы CO2 (көмірқышқыл газы) деңгейінің айырмашылығы 13%-ды, ал PM2.5 (ауадағы лас қосымшалар) деңгейінің айырмашылығы 23%-ды құрады, бұл аулада ауа сапасының жақсырақ екенін көрсетеді.

PM2.5 — бұл автомобильдерден, асфальттан, шиналардан және басқа да заттардан шығатын ұсақ зиянды қосымшалар. Өлшемі тым кішкендай болғандықтан адам ағзасына тез еніп, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. PM2.5 жоғары концентрациясы бар жерлерде ұзақ уақыт болу жүрек, тамыр және өкпе ауруларының дамуына ықпал етеді. Мысалы, қан құрамындағы эритроциттің мөлшері шамамен 7 мкм, ал PM2.5 бөлшектерінің мөлшері 2,5 мкм-ден аз.

Сонымен қатар, мамандар жұмыс және демалыс күндеріндегі көрсеткіштерді салыстырды. CO2 деңгейі екі датчикте де айтарлықтай өзгермеді, ал PM2.5 концентрациясы жұмыс күндерінде аулада да, қиылыста да демалыс күндеріне қарағанда екі есе жоғары болды. Экодатчиктердің адам бойынан сәл жоғары орнатылғанын ескерсек, ластаушы заттардың концентрациясы тыныс алу деңгейінде одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл әсіресе жолдың бойында отырған ересектер мен арбадағы балалар үшін маңызды.

Әлемде ауа сапасын жақсарту мәселесі өткір тұр. Бірқатар елдерде жүк көліктері мен экологиялық емес көліктер үшін шектеу аймақтары енгізілген. Қазақстан билік өкілдері автокөліктің экологияға әсерін төмендету жолында жұмыс істеуде. Бұл – бизнес пен халықтың мүдделерін ескере отырып, бірлескен шешімдерді қажет ететін кешенді мәселе.


Қатысты жаңалықтар

Барлық жаңалықтарды оқу
icon

Жаңалықтар табылмады

Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!