Идеядан мұқабаға дейін: БАҚ бетіне шығу үшін стартапты қалай ұсынуға болады?
2024-06-27
-
Астанада "IT, PR және БАҚ — түсіну коды" тақырыбында Митап өтті. Sergek Group-тың тоқсан сайынғы it-сәрсенбісі осы жолы журналистика күні қарсаңында ұйымдастырылды. Митап тыңдаушылары БАҚ-қа жаңалықтарды жариялау, өз өнімдерін пиарлау, өнімді тікелей журнал мұқабасына өткізу және жеке бренд құру сырларымен танысты.
«IT-сәрсенбі» митап идеясы өткен жылғы цифрландыру күні қарсаңында дүниеге келген. Сол уақыттан бері дәстүрлі түрде әр сәрсенбіні тек сәтті емес «ІТ күніне» де айналдырдық. Біздің Митап тек IT мамандарын ғана емес, сонымен қатар студенттерді, PR мамандарын, маркетологтарды – жалпы осы салада жүрген жандардың барлығын біріктіреді. Осылайша мықты нетворкинг пен ортақ тартылыс нүктесін жасай алдық деген үміттемін", - деп бөлісті Sergek Group СЕО-cы Асет Ахметов.
Оның айтуынша кездесуге қатысуға ниет білдірушілермен қатар серіктес болғысы келетіндер де біршама екен. Мысалы, NURIS Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері ресми серіктес атанып, іс-шараны өткізу орнын ұсынады. Ал The Tech порталы ақпараттық серіктес болды.
Айтпақшы, Sergek Group митаптары әр тоқсан сайын ақысыз негізде өткізіледі. Митап тақырыптары үнемі өзгеріп отырады. Күн тәртібіне байланысты спикерлер айтидегі нақты кейстер, жаңа әзірлемелер, қауіпсіздік технологиялары туралы баяндайды. Өткен митап алдағы журналистика күніне арналғандықтан спикерлер тауашалық басылымдардың, PR агенттіктерінің және т.б. өкілдері болды.
Қатысты жаңалықтар
Барлық жаңалықтарды оқуЖаңалықтар табылмады
Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!