Алматылық қоғам белсенділері мен сарапшылар жол қауіпсіздігін қалай жақсартуға болатынын талқылады

image
Шығарылған күні

2024-10-11

Санаттар
Бастапқы сілтеме

-

Almaty Creative шығармашылық салаларды дамыту орталығында жол қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды қайта қарастыруға арналған сараптамалық кездесу өтті. Sergek Group ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жол қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар қатысты.

Биыл Президент Жолдауында жолдардағы қауіпсіздік мәселесі ерекше атап өтілді: жыл сайын ЖКО салдарынан 2000-нан астам адам қаза тауып, зардап шеккендердің саны 15 мыңнан асады. Алматыда өткен жылы апаттардан 142 адам қаза тапқан, оған дейін бұл көрсеткіш 96 адам болса, 2020 және 2021 жылдары жыл сайын 84 адам көз жұмған. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 161 адам қаза тапқан 2019 жылғы қайғылы статистиканың қайтып келуіне жол бермес үшін тек кешенді шараларды қарастырып қана қоймай, сонымен қатар фокусты көлік инфрақұрылымынан жалпы ақпараттандыру, азаматтық белсенділік, жол қауіпсіздігі мәселесі мен адам өмірінің құндылығын түсінуге бағдарлау қажет.

"Біз мемлекеттік органдармен бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеміз, ЖКО салдарынан болатын өлім-жітім мен жарақаттануды азайту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын да көріп жүрміз. Алайда бұл күрес тек әкімдіктер мен полицияның міндеті емес, бұл барлығымыздың, яғни бизнес өкілдерінің, сарапшылардың, жұртшылықтың және, әрине, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі екенін түсіну қажет. Sergek Group smart city саласындағы технологиялар бойынша жұмыс жасайды, ал біздің кешенді зияткерлік жүйеміз – шешімдеріміздің бірі болып табылады. Сонымен қатар, біз өнімдер желісін үнемі кеңейтіп отырамыз, мысалы, бүгінгі таңда Sergek ITS атты өніміміз жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты талдай алады. Бұл шешім уәкілетті органдарға жол қозғалысы мен ЖКО себептерін болжамды талдауға көмектесе алады. Осы тәжірибені барша мүдделі тараптардың пайдалана алуы үшін осы іс-шараны бастап жатырмыз. Адам өмірінің құндылығы – бірінші орында тұруы керек ұғым. Біз сәтті жүзеге асқан халықаралық тәжірибелерді қабылдап қана қоймай, мәдени және қоғамдық ерекшеліктерімізге сүйене отырып, өзіндік тәжірибемізді құруымыз қажет. Осы себептен ресурстарды шоғырландырып, әрбір қазақстандықтың мүддесін қорғайтын қоғамдастық құрғымыз келеді. Дәл осылай ғана біз қауіпсіз, өмірге жайлы қалаларға қол жеткізе аламыз", - деп атап өтті Sergek Group негізін қалаушы Асет Ахметов.

Аралас фасилитация және фокус форматындағы іс-шара барысында қатысушылар бірнеше топтарға бөлініп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Vision Zero бағдарламасының соңғы бес жылдық сәтті шешімдері талданған соң, қатысушылар жол қауіпсіздігі мәдениетін енгізудің әлеуметтік қадамдарын ескере отырып, алдағы бес жылды талқылауға көшті. Тактикалық урбанизмді алдыңғы қатарлы инфрақұрылымдық шешімдермен қатар интеграциялау тақырыбына негізделді, себебі, сарапшылардың пайымдауынша, қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалардың басты мақсаты – қатардағы азаматтарға бағытталған ақпараттық қолжетімділік болып табылады. Осылайша, уәкілетті органдар мен топтардың өкілі ретінде шақырылған іс-шараның әрбір қатысушысы өзара түсіністікке келіп, тараптардың әрқайсысы жол қауіпсіздігі жөніндегі жобаларды табысты іске асыруға қандай үлес қоса алатыны туралы сөз қозғады.

"Бірнеше жыл бойы Қазақстанда Vision Zero атты швед бағдарламасы енгізілуде. Алайда жоба жол инфрақұрылымына көбірек бағытталған. Бұл ыңғайда жұмыс істеу жеткіліксіз, бағдарламаны контекстілеу керек, жұртшылықты назарға алу керек, себебі көлік жүргізу мәдениеті, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің әдеттері білім беру және ақпараттық науқандарды енгізу кезінде ерекше икемді қажет етеді. Ең алдымен, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, сарапшылар және қала тұрғындары секілді барша стейкхолдерлердің күш-жігерін біріктіріп, одан соң ғана кешенді стратегияны іске асыруға бағыттау қажет. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша біз құрылымы, миссиясы және т.б. ашық та анық, заңды нысаны бар қоғамдық бірлестік қажет деген пікірге келдік. Осылайша, кез келген адам, яғни жеке тұлға болса да, бизнес өкілі болса да, жолдардағы өлім-жітімді төмендету мақсатын іске асыру үшін аталмыш қорға қосыла алады. Осы секілді шаралар жұртшылық тарапынан сенім мен қолдау тудырады деп сенеміз", - деді компанияның жоба менеджері Ерқанат Заитов.

Қатысты жаңалықтар

Барлық жаңалықтарды оқу
icon

Жаңалықтар табылмады

Бұл орын әзірге бос, бірақ жақын арада компаниямыздың өміріне қатысты соңғы жаңалықтармен міндетті түрде бөлісетін боламыз. Хабарда болыңыз!