Жолдардағы жүйелі құқық бұзушылықтар өлімге әкелетін апатқа әкеледі
Алматыдағы көлік қауіпсіздігі мен цифрландыру жөніндегі жөніндегі V Еуразиялық форумда Sergek Group IT компаниялар тобының негізін қалаушы Әсет Ахметов заманауи қауіпсіздік жүйелерінің жүргізу мәдениетіне қалай әсер ететінін айтты.
Спикердің айтуынша, "Сергек әсері" – бұл компанияның техникалық шешімдері енгізілген қалаларда жол-көлік оқиғалары мен өлімге әкелетін апаттардың санының айтарлықтай азаюы. Дегенмен, апаттардағы өлім-жітімді толықтай нөлге дейін азайту үшін инфрақұрылымдық шешімдер, стандарттарды өзгерту, деректерді талдау және басқа да кешенді шаралар қажет. Ахметов өз сөзінде Қазақстан қалаларында интеллектуалды жүйелерді енгізудің нәтижелерін атап өтіп, бұл технологиялардың қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, жүргізушілердің жол ережелеріне жауапкершілікпен қарауына ықпал ететінін айтты.
Өңдеушілердің ең маңызды кейстерінің бірі – 2019 жылы Sergek талдаушылары жүргізген өлімге әкелетін ЖКО-ларды талдау болды. Олар 21 өлім-жітіммен аяқталған жол апатын талдады, соның салдарынан 25 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 12 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Осы оқиғалардың кінәлілерін талдау қорқынышты заңдылықты анықтады: 21 жүргізушінің 14-і бұған дейін жол ережелерін бұзу тарихына ие болған. Олардың 10-ы өлімге әкелетін апаттарға дейін жалпы саны 204 ереже бұзған. Бұл сандар жүйелі түрде құқық бұзушылықтардың жолдағы әлеуетті қауіптің көрсеткіші екенін көрсетеді.
"Біз тұрақты құқық бұзушылықтар көбінесе жолдардағы ауыр оқиғалардан бұрын, кейде өлімге әкелетінін көреміз. Интелектуалды жүйелер бұл бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жүргізушілердің мінез — құлық мәдениетін өзгерте отырып, олардың алдын алуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Ахметов.
Сонымен қатар, қазақстандық әзірлеушілер жасанды интеллектті жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын талдауды үйретті. Sergek ITS (Intelligent Transportation System) интеллектуалды көлік жүйесі арқылы статистиканы қадағалап, жол ережелерін бұзу тұрғысынан ең қауіпті қалалық аумақтарды анықтауға болады. Ол трафик көрсеткіштерін, ереже бұзушылықтардың талдауын, транзиттік көлікті және басқаларын бақылауға мүмкіндік береді. Осы деректердің негізінде жол қозғалысын талдау, ЖКО себептерінің кеңістіктік талдауы және жол қозғалысының болжамдық талдауы жүргізіледі. Ереже бұзушылықтардың талдауы қаланың "жылулық картасы" іспеттес, онда жол ережелерін қай учаскелерде жиі бұзатынын көруге болады. Мұндай ақпарат уәкілетті органдарға жол инфрақұрылымын жақсарту және қозғалыс ыңғайлылығын арттыру бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.