Астанадағы қарлы кептеліс жол қозғалысына қалай әсер етті

image
Шығарылған күні

2024-11-15

Санаттар
Бастапқы сілтеме

-

Астанада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, қала көшелерінде кептелістер мен тығырықтарды тудырды.

Sergek ITS аналитиктері, қар жаумай тұрған 5 қараша мен қала толықтай қармен жабылған 11 қараша күндеріндегі жолдардағы орташа жылдамдықты салыстырып көрді.

Әдеттегідей, Астанада ең көп жүктелген жолдар Тұран даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы және Түркістан көшесі болды.

Тұрақты тығыздық таңертеңгі 8:00 мен 9:00 аралығында және кешкі уақытта 18:00 мен 19:00 арасында байқалды. Қарқынның артуына байланысты кейбір көшелердегі кептелістер әдеттегі уақыттан бір сағатқа ұзарып кетті.

Мысалы, 11 қараша күні таңертең Тұран даңғылында (солтүстік бағытта) көлік жылдамдығы шамамен төрттен бірге төмендеді, ал Мәңгілік Ел даңғылында, Қабанбай батыр даңғылында және Түркістан көшесінде жылдамдық бірден үштен бірге азайды. Мәңгілік Ел даңғылындағы кептелістің шыңы таңғы 10:00-ге келіп, орташа жылдамдық 27 км/сағаттан 16 км/сағатқа дейін төмендеді.

Кешкі уақытта ең төменгі жылдамдық Қабанбай батыр даңғылында тіркелді. 19:00 мен 20:00 аралығында бұл жерде орташа жылдамдық екі есе төмендеді — ашық ауа райында 23 км/сағат болса, қарлы күні 12 км/сағатқа дейін төмендеген.

Жалпы алғанда, интеллектуалды көлік жүйесінің деректеріне сүйенсек, жүргізушілердің орташа қозғалыс жылдамдығы шамамен 30%-ға төмендеген. Яғни, астаналықтар өздеріне қажетті жерге жету үшін 43%-ға көп уақыт жұмсауы керек.

Ескерте кетейік, күзден қысқа өтетін маусымда жол-көлік оқиғаларының жиілігі артады. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, қауіпті маневрлер жасаудан аулақ болу ұсынылады.

newsCard
Мақала

Sergek мамандары мереке күндері жолдардағы жағдай қалай өзгеретінін айтып берді

Толығырақ оқу
newsCard
Мақала

Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алматы жолдарының кептелісін талдау

Толығырақ оқу