Алматыдағы көлік қозғалысы Рамазан айында қалай өзгерді?

image
Шығарылған күні

2025-03-17

Санаттар
Бастапқы сілтеме

-

Sergek ITS сарапшылары Алматыдағы жол қозғалысын талдап, трафиктегі өзгерістерді анықтады. Ақпан мен наурыздың басындағы жұмыс күндерін салыстыру нәтижесінде жолдардағы жүктеменің артқаны және қарбалас сағаттардың жылжығаны байқалды.

Наурыздың басында Алматы көшелеріндегі көлік ағыны 8%-ға артты. Сағат 16:00 мен 17:00 аралығында қозғалыс 5%-ға азайса, 17:00 мен 18:00 аралығында керісінше 4%-ға өсті.

Кешкі қарбалас уақыттың бұл өзгерісі Рамазан айымен байланысты болуы мүмкін. Ауызашарға үлгеру үшін жүргізушілер сапарларын ертерек жоспарлап жатқанға ұқсайды.

17:00 мен 18:00 аралығында трафиктің ең көп өскені келесі көшелерде байқалды:

- Төле би (шығыс бағыты) → +15%,

- Төле би (батыс бағыты) → +12,1%,

- ВОАД (Оңтүстік) → +10,4%,

- Саина (Солтүстік) → +5,2%,

- Саина (Оңтүстік) → +5,4%.

Трафиктің артуы орташа жылдамдықтың төмендеуіне әсер етті.

Аль-Фараби (Шығыс) бағыты бойынша сағат 17:00 мен 18:00 аралығында жылдамдық 55 км/сағ-тан 46 км/сағ-қа дейін төмендеп, жолда жүру уақыты 19%-ға ұзарды.

Саина (Оңтүстік) бағыты бойынша осы аралықта жылдамдық 34 км/сағ-тан 27 км/сағ-қа дейін төмендеп, жол уақыты орта есеппен 23%-ға артты.

Бұл мәліметтер Sergek ITS — көлік қозғалысын бақылап, талдап, болжауға арналған интеллектуалды жүйе арқылы алынған. Біздің технологиялар қалаларға жол қозғалысын басқаруда тиімді шешімдер ұсынып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.


newsCard
Мақала

Алматыда агрессивті жүргізушілер қанша уақыт «ұтып» жүр?

Толығырақ оқу
newsCard
Мақала

Алматыдағы орташа жылдамдыққа не әсер етеді?

Толығырақ оқу
newsCard
Мақала

Күзгі кептелістер: қыркүйек айында Астана және Алматы жолдарының кептелісін талдау

Толығырақ оқу